• Ср. Май 8th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

БҚО: Орал қаласы прокурорының арызы қанағаттандырылды

Автор:REVIZORRO

Сен 24, 2019

Прокурордың талап арызы негізінде сотпен автокөліктің кепілі тоқтатылып, уәкілетті органға мемлекет пайдасына айналдыру үшін берілді.

Анықталғаны, БҚО Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы үкімі негізінде К., А. және С. ҚК-тің 297-бабымен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) айыпты деп танылып, 7 жылдан 11 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылған.

Қылмыс жасау құралы болып табылған 2013 ж.ш. «Lada Granta» көлігі тәркіленіп, мемлекеттің меншігіне айналдырылған.

Алайда, сот актісін орындау барысында көліктің Азаматтық кодекстің 299-бабы негізінде «Автоломбард» ЖШС-де кепілде тұрғаны анықталды.

Бұл жай болса сотқа жүгінуге негіз болды.

Себебі, Азаматтық кодекстің 324-бабымен кепiлге салынатын нәрсе болып табылатын мүлiк заң құжаттарында белгiленген тәртiп бойынша осы мүлiктiң шын мәнiндегi меншiк иесi басқа тұлға болып табылатындығына сүйенiп, не әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшiн санкция түрiнде кепiл берушiден алынған реттерде бұл мүлiктiң кепiлге салынғаны тоқтатылатыны көрсетілген.

2019 жылғы 11 қыркүйекте Орал қ. прокуратурасының арызы қанағаттандырылып, сот кепілге алу шартының күшіе тоқтатты.

Шешім заңды күшіне енгеннен кейін, сот орындаушысы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 210-бабына сәйкес тәркіленген мүлікті уәкілетті органға береді.

Бауыржан Ахметжан

БҚО прокуратурасының ресми өкілі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?