• Сб. Май 4th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Түркістан облысында полицейлер «ізін суытпай» қой ұрлығына қатысты күдіктіні ұстады.

Автор:REVIZORRO

Окт 2, 2018

Созақ АІІБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданған, ол арызында ағымдағы жылдың қыркүйек айында мал қорасынан белгісіз тұлғалар екі қойын ұрлап кеткенін көрсеткен. Аталған жайт СДТБТ-не «ұрлық» жайтымен тіркелген.

Созақ АІІБ-нің полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде жергілікті жердің екі тұрғынын анықтап, ұстады. Олар өздерінің кінәсін толық мойындады. Жас азаматтар қорада тұрған қойды ұрлап, өздерінің автокөлігіне салып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Қазіргі таңда мал ұрлығы жайтына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға жайылым жерлер мен мал қораларындағы малдарына ие болуын сұрайды. Мүмкіндігінше, жайылым жерлерге жібергенде арнайы малшы жалдап, малдарға таңба мен ен салып, мал қораларын бекітуін ескертеді.

Егерде сіз мал ұрлығының куәгері немесе құрбаны болсаңыз, тез арада ішкі істер органдарының «102» телефонына хабарласыңыз. Осылайша Сіз, қылмыстың тез арада, «ізін суытпай» ашуына өз септігіңізді тигізесіз.

Түркістан облысы

«REVIZORRO»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?