• Чт. Май 16th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

БҚО: Жер заңнамасының бұзылуы анықталды

Автор:REVIZORRO

Дек 5, 2019

БҚО Тасқала ауданы прокуратурасымен талдау нәтижесінде сауда-саттыққа шығарылмай берілген жер учаскелерін жалға алу шарттары бұзылды.

Анықталғаны, 2016-2017 жылдары Тасқала ауылдық округі әкімдігімен И. есімді азаматқа, «А» және «У» заңды тұлғаларына объектілер салу үшін уақытша өтеулі пайдалануға жер учаскелері берілген.

Дегенмен Жер кодексінің 48-бабына сәйкес мемлекет меншігіндегі жерлерді беру немесе оларды жалға беру тек сауда-саттыққа (конкурс, аукцион) шығару арқылы жүзеге асырылады.

Аудан прокуратурасының ұсынуы негізінде жер қатынастары бөлімі жалға беру шарттарын жарамсыз деп тану туралы арызбен сотқа жолығып, ол БҚО МАЭС-тың 2018 жылғы 12 қарашадағы шешімімен қанағаттандырылмады.

Облыстық соттың 2018 жылғы 27 желтоқсандағы қаулысымен сот актісі өзгеріссіз қалдырылды.

Бас Прокурордың өтінішхаты Жоғарғы Соттың 2019 жылғы 16 шілдедегі қаулысымен қанағаттандырылып, аталған сот шешімдері бұзылды, сондай-ақ жерді жалға беру туралы шарттар жарамсыз деп танылды.

Бауыржан Закиұлы

БҚО прокуратурасының ресми өкілі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?