• Пт. Май 17th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

«Атырау-Орал» тас жолында автокөліктер қақтығысып жол-көлік оқиғасы орын алды.

Автор:REVIZORRO

Дек 5, 2019

2019 жылы 4 желтоқсанда сағат 19.13-те Ақжайық ауданы аумағында «Атырау-Орал» тас жолында «Lada Priora» және «КамАЗ» автокөліктер қақтығысып жол-көлік оқиғасы орын алды. «Чапаево» трассалық медициналық-құтқару пункті 4 қызметкерінің жедел іс-қимылының арқасында 1987 жылы туған азамат, 1987 жылы туған азаматша, 1995 жылы туған азаматша және 1989 жылы туған азамат құтқарылып Ақжайық орталық аудандық ауруханаға жеткізілді.
Осылайша, трассалық пункттердің тікелей апаттық-қауіпті жол учаскелеріндегі жұмысының арқасында кез-келген кезек күттірмейтін жағдайда кез-келген жүргізуші немесе жолаушы білікті медициналық көмек алады.
Құрметті азаматтар! Көктайғақ кезінде БҚО құтқарушылары автокөлік иелері мен жаяу жүргіншілерден абай және мұқият болуын сұрайды!
БҚО ТЖД

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?