• Пт. Май 17th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Автор:REVIZORRO

Дек 6, 2019

ҚР Қаржы министрлігінің «Проблемалық несиелер қоры» АҚ-ның қарыздарды өндіріп алу департаментінің директорының міндетін атқарушысы аса ірі мөлшерде ұрлады деп күдіктелуде. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген ҚР Қаржы министрлігінің «Проблемалық несиелер қоры» АҚ-ның қарыздарды өндіріп алу департаментінің директорының міндетін атқарушысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ол бір топ адаммен алдын ала сөз байласып, Ақтөбе облысында орналасқан кепілдік элеваторды төлеп алу кезінде ЖШС басшысы мен құрылтайшысының сенімін теріс пайдалану мен алдау арқылы аса ірі – 20 млн теңге мөлшерде бөтеннің мүлкін ұрлады деп күдіктелуде.

Күдікті ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде.

Күдіктінің кінәсінің деңгейін анықтау туралы шешімді сот қабылдайтын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?