• Пт. Май 17th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Шымкент қалалық білім басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушысы жемқорлық үшін айыпталды

Автор:REVIZORRO

Дек 9, 2019

Бұл туралы, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бұдан бұрын жемқорлық қылмысын жасады деп күдіктелген Шымкент қалалық білім басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушысы Ж. Д. Базароваға қатысты тергеу аяқталды.

Ол орта мектептің білім жөніндегі меңгерушісіне мектеп директорының лауазымына тағайындалу үшін тест тапсыруға жәрдем бергені үшін оның 400 мың теңге қаражатын алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы иемденді деген күдікке түскен.

Ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының үкімімен Ж. Д. Базарова алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте лауазым атқаруға өмір бойына құқығынан айыру мен 3 млн теңге айыппұл салынды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?