• Пт. Май 17th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Балықшылар түсіндірме жұмыстары үшін алғыс білдірді

Автор:REVIZORRO

Дек 18, 2019

Күн сайын Қарағанды облысының суайдындарында ТЖ департаментінің қызметкерлері алдын алу іс-шараларын жүргізеді. Құтқарушылар мұз астындағы балық аулауды әуесқойларымен қысқы су айдындарының қауіптілігі туралы түсіндіру әңгімелерін жүргізеді, балықшыларға жадынамалар таратады, оларды судағы орын алған қайғылы оқиғалар туралы хабардар етеді.

Бұл жұмыс әсіресе демалыс күндері күшейтіледі, өйткені осы күндері балықшылар жаппай мұзға шығады.

Жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстары халықтан оң пікірлер табады. Instagram-да ТЖД-ның парақшасында балық аулау әуесқойларының бірі өз пікірін қалдырды: «ТЖ қызметкерлеріне үлкен рахмет, олар су айдынындағы қауіпсіздік шаралары туралы жаднамалар таратты. Маған да төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керектігін айтып берді. Федоров су қоймасында бақылау жұмыстары үшін үлкен рахмет айтқым келеді. Мен онда қыста және жазда жиі балық аулаймын. Жазда қайықпен жүзіп, балық аулауға шыққанда құтқарушылар әрдайым келеді, кеудешенің бар-жоғын тексереді, көңіл-күйдің қалай екенін сұрайды және күнге қызып кетпеуді ескертеді. Қысқы мерзімде қауіпсіздік туралы жаднамалар таратылады. Ең бастысы, мен жеке өзім су қоймасына батып кеткен адамға алғашқы көмек көрсеткенінің куәсі болдым. Жігіттер — өз ісінің кәсіпқойлары. Біз туралы алаңдатқаныңыз үшін үлкен рахмет».

ТЖД қызметкерлері профилактикалық іс-шаралар мен түсіндіру әңгімелерін өткізбес бұрын, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізбей, бірде-бір маусым өтпейді.

Ағымдағы қысқы маусымның басынан бері Қарағанды облысында 6 адам құтқарылды, 2 адам қаза тапты, тағы 2 балықшы әлі табылған жоқ. Оқиғаның негізгі себептері — мұзда қауіпсіздік шараларын сақтамау.

Түнгі уақытта балық аулауға жол берілмейді. Дауылды ауа райында және жеке құтқару құралдарынсыз суға шығуға тыйым салынады. Балық аулау кезінде шектеулі алаңда көп шұңқырларды тесіп, үлкен топтармен жиналуға болмайды. Балық аулашыға ауа райы, желдің күші мен бағытын білу қажет.

Әрбір балықшының құтқару құралдары болуы қажет.

Қарағанды облысы ТЖД

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?