• Чт. Май 2nd, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

1 млн. 262 мың 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Автор:REVIZORRO

Дек 28, 2019

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлады. Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «ҚР цифрлық даму, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитетінің Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» РММ басшысының м.а. И. Қошалиевке қатысты кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады
Ол мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті тұлға бола отырып, белгіленген тыйымға қарамастан, байланыс саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жұбайына тіркелген «Ғасыр Қазсвязь» ЖШС-ін басқаруға және осы ЖШС-не артықшылықтар мен қамқорлық көрсете отырып, байланыс саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған.
Ағымдағы жылғы 26 желтоқсанда Атырау қ. № 2 сотымен И. Қошалиев заңсыз кәсіпкерлік қызметке қатысқаны үшін кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырумен 1 млн. 262 мың 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?