• Пт. Май 17th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы алаяқтық бойынша сотталды

Автор:REVIZORRO

Янв 22, 2020

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады. Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бұрын «Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ егін шауаршылығы және астық нарығын реттеу бөлімінің басшысы Е.Ж.Бектұровқа қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін тергеу жүргізілген.

Ол «Агрофирма Жер 888» ЖШС өкілінен 2017-2021 жылдарға арналған ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде субсидия беру мәселесін оң шешкені үшін 1 млн. теңге көлемінде ақша қаражатын алдау жолымен иемденді деген күдікке ілінген болатын.

Ағымдағы жылдың 20 қаңтарында Көкшетау қалалық сотының үкімімен Е.Ж.Бектұров алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды және мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды.

Нұр-Сұлтан қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?