• Пт. Дек 5th, 2025

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті департаменті бастығының орынбасарына 12 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

Автор:REVIZORRO

Янв 22, 2020

Бұл туралы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлады. Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бұрын ЕЦ-166/18 мекемесі бастығының режимдік және жедел жұмыс жөніндегі орынбасары, әділет майоры Р.М.Қожахметовке қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін күдікті ретінде қатысты тергеу жүргізді.

Ол азаматтан осы мекемеде жазасын өтеп жатқан ұлына қолайлы жағдай туғызған және жалпы қамқорлығы үшін «Qiwi» электрондық әмияны арқылы 400 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелген.

Ағымдағы жылдың 21 қаңтарында Степногорск қалалық сотының үкімімен Р.М.Қожахметов пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 12 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды және өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан, сондай-ақ «Әділет майоры» арнайы шенінен айырылды.
Нұр-Сұлтан қаласы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *