• Пт. Дек 5th, 2025

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

БҚО Шыңғырлау аудандық білім бөлімінің басшысы сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталды

Автор:REVIZORRO

Янв 22, 2020

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлады. Батыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін сыбайлас жемқорлық үшін күдікті болып танылған «Шыңғырлау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Б.Сапаровқа қатысты тергеу жүргізген.

Ол орындалған жұмыстың актісіне қол қою үшін Шыңғырлау ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына 1 млн 690 мың теңге көлемінде пара беруге жеке кәсіпкерді итермелегені және алаяқтығы үшін күдікті болып танылған.

А.ж. 21 қаңтарында Шыңғырлау аудандық сотының үкімімен А.Б.Сапаров алаяқтық және пара беруге итермелегені үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан және мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айырылды.
Нұр-Сұлтан қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *