• Пт. Апр 26th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Мемлекеттік кірістер басқармасының бұрынғы жетекші маманы алаяқтық жасағаны үшін сотталды

Автор:REVIZORRO

Дек 28, 2019

Шымкент қаласы Қаратау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бұрынғы жетекші маманы алаяқтық жасағаны үшін сотталды-деп ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлады. Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Шымкент қаласы Қаратау ауданы бойынша МКБ жетекші маманы Ш. Пернеевке қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Ол ЖШС-нің басшысына тиесілі құны 5 млн. теңге тұратын «Тойота Лэнд Крузер 100» маркалы автокөлігін алдау арқылы ЖШС-ін банкрот деп тануға жәрдем көрсетемін деген сылтауымен иемденіп алған.
Шымкент қаласы Абай аудандық сотының а.ж. 23 желтоқсандағы үкімімен Ш. Пернеев мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыруымен қатар 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?