• Пт. Апр 19th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

«Қазсушаруашылығы» РМК Қарағанды филиалы Абай бөлімшесінің учаске бастығы алаяқтық үшін сотталды

Автор:REVIZORRO

Мар 19, 2020

«Қазсушаруашылығы» РМК Қарағанды филиалы Абай бөлімшесінің учаске бастығы алаяқтық үшін сотталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлады. Қарағанды облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыған дейін «Қазсушаруашылығы» ШЖҚ РМК Қарағанды филиалы Абай бөлімшесінің учаске бастығы А.Шалабаеваға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Шалабаева сотқа дейінгі тергеу барысында аталған учаскеде жол салу және қайта жөндеу үшін бөлінген 5 575 740 теңге сомасындағы бюджет қаражатын алаяқтық жолмен иемденгені үшін күдікті болған.

Шалабаева ағымдағы жылдың 10 наурызында Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотының үкімімен 3 жыл, 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.
Оған қатысты көрсетілген мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?