• Пт. Май 17th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Бірқатар ауыл әкімдері сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп күдіктелуде

Автор:REVIZORRO

Янв 27, 2020

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен қаңтар айында еліміздің бірқатар аймақтарында аудан және ауыл әкімдеріне қатысты сыбайлас жемқорлық бойынша күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Түркістан облысында Кентау қаласының Ескі Иқан ауылдық округінің әкімі пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ол жер учаскесінің ахуалдық схемасына қол қойғаны үшін жеке кәсіпкерден бұрын келісілген 4 млн. 150 мың теңгеден 2 млн. теңге сомасында пара алды деп күдіктенеді.

Әкім кінәсін мойындады және адвокаттың қатысуымен жедел тергеу жүргізу туралы өтінішті мәлімдеді.

Алматы облысында Іле ауданы Байсерке ауылдық округінің бұрынғы әкімі мен әкімдіктің лауазымды тұлғаларының Жаңадәуір ауылындағы 10 га жер учаскесінің нысаналы мақсатын шаруа қожалығынан жеке қосалқы шаруашылыққа заңсыз өзгертуге қатыстылығы тексерілуде.

Аталған аймақта Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің бұрынғы әкімі санаторийлік, су қорғау аймақтары мен ирригациялық желілерде жер учаскелерін бөлу кезінде қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деп күдіктелуде.

Ағымдағы жылдың 24 қаңтарында күдіктіге қатысты күзетпен ұстау санкцияланды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Олардың кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Бұған дейін хабарланғандай, мемлекеттік қызмет туралы Заңға бағыныштылардың сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін саяси мемлекеттік қызметшілердің отставкасын көздейтін түзетулер қолданысқа енгізілген (Заңның 3-бабының 3-1-тармағы).
Нұр-Сұлтан қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?