• Сб. Май 18th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Елорда әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру жөнінде кеңес өткізді.

Автор:REVIZORRO

Мар 13, 2020

Елорда әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру жөнінде кеңес өткізді. Кездесуге ірі сауда желілері мен базар өкілдері қатысты.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын бақылауда ұстауды тапсырды.

«Бағаны тұрақтандыру бойынша 2 бағытта жұмыс жүргізіп жатырмыз: тұрақтандыру қоры құрылды, сауда желілерін жеңілдікпен несиелендіру бойынша жұмыстар жүргізілді. «Айналым схемасы» жобасына «Magnum», «Астықжан», «Кенмарт», «Small», «Шапағат», «Евразия», «Артем», «Биг Шанхай» сияқты сауда орындары қатысады, сондай-ақ ет пен жарма бойынша жеткізушілер анықталды. Көтерме сауда, делдалдар, кәсіпкерлер және т.б. тарапынан «азық-түлік себетіне» жататын тауарлармен алыпсатарлық болмауы тиіс. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр. Бағаны тұрақтандыру мәселесі мемлекет басшылығының бақылауында», — деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмурзаев дүрлігуге себеп жоқ екенін,азық — түлік жеткілікті мөлшерде барын атап өтті.

Сондай-ақ, елорда әкімдігі әлеуметтік нан бағасын ұстап тұру мәселесін қарастырды: тұрақтандыру қорының ұн қоры толықтырылып, қаланың наубайханаларына қолдау көрсетіліп жатыр. Ауылшаруашылық жәрмеңкелерін өткізу бағаны ұстап тұруға және өнімді нарықтық бағадан төмен сатуға мүмкіндік береді. Ауылшаруашылық жәрмеңкелерінің маусымы «Аспан базар» сауда үйінде басталды, жәрмеңке әр сенбі мен жексенбі күндері сәуір айына дейін өтеді.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?