• Вс. Май 19th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Өзбекстан азаматы тонаушыларды ұстаған Сарыағаш ауданының полицейлеріне алғыс айтты

Автор:REVIZORRO

Фев 14, 2020

Өзбекстан азаматы тонаушыларды ұстаған Сарыағаш ауданының полицейлеріне алғыс айтты. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 11.02.2020 жылы Сарыағаш АПБ-нің кезекші бөліміне Түркістан қаласының полициясынан орталық ауруханаға дене жарақатымен бір азаматтың түскені жөнінде хабарлама келген. Полиция қызметкерлерінің анықтауынша: Сарыағаш ауданының бір елді мекенінде түнгі сағат 2:30-дар шамасында белгісіз тұлғалар жәбірленушіге шабуыл жасап, ұрып-соғып қалтасынан 100 000 теңгесін алып кеткен. Аталған жайт Сарыағаш АПБ-нің СДТТБТ -не ҚР ҚК-нің 191-бабы «Тонау» бойынша тіркелді.

Тонаушыны ұстау мақсатында полиция бөлімінен жедел-тергеу тобы құрылып, іске кірісті. Тәртіп сақшылары қылмыс орнын мұқият қарап, жақын маңдағы аумақты аралап, куәгерлерден жауап алып, көше бейнебақылау камераларын тексерді.

Сарыағаш АПБ-нің тергеушісі полиция лейтенанты Е. Намазбаев пен жедел уәкіл полиция капитаны М.Тасыбаев бірнеше күн бойы іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдіктілерді қолға түсірді. Олар Сарыағаш ауданының тұрғындары, шетелдік азаматты тонауға қатысы бар екі жас жігіт болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Өзбекстан азаматы өз кезегінде Сарыағаш АПБ-нің полиция қызметкерлеріне, соның ішінде полиция лейтенанты Е. Намазбаевқа және жедел уәкіл полиция капитаны М. Тасыбаевқа қысқа мерзім ішінде қылмысты ашқаны және тонаушыларды ұстағаны үшін алғысын білдірді.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға абай болуға, қараңғы көшелер мен адамдар аз жерлерде жүрмеуге кеңес береді. Қараңғы көшелерде, қараусыз қалған құрылыстарды және кенеттен шабуыл жасау оңай болатын басқа да орындарда жалғыз жүрмей , жақсы жарықтандырылған жерлер арқылы жүру бағыттарын таңдаңыз деп кеңес береді.

Жол бойында ұялы телефондарыңызды қолданып, құлаққап пайдаланбаңыз, бұл жақындап келе жатқан автокөліктің шуын немесе қауіптілік қадамдарын уақытында естуге мүмкіндік бермейді. Ақшаны, кілттерді, құжаттарды және басқа да құнды заттарды ішкі қалталарда ұстаңыз. Егер сіз осы сияқты жайттың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, 102 телефоны арқылы полицияға хабарлаңыз.
Түркістан облысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?