• Сб. Май 18th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Түркістан облысы полицейлері жалған ақпарат таратушыны анықтады

Автор:REVIZORRO

Мар 23, 2020

Түркістан облысы полицейлері жалған ақпарат таратушыны анықталғаны туралы Түркістан облысы полиция департаменті хабарлады. Мақтаарал АПБ-не Атакент кентіндегі орталық аурухананың бас дәрігерінен «Ватцап» әлеуметтік желісі арқылы «Атакентте Коронавирус» анықталды» деген жалған ақпарат тарап жатқаны жөнінде хабарлама келіп түскен. Тексеру барысында тәртіп сақшылары, таралып жатқан аудиожазбада «Кореядан келген азаматтың аталған вирусты жұқтырғаны, сондықтан балаларыңызды балабақшаға жібермеңіздер, сақтаныңыздар» деген дыбыс жазылғанын айқындады. Мақтаарал ауданының полицейлері елді дүрліктіріп, осындай жалған ақпарат таратушы әйелді анықтау мақсатында қажетті шараларды қолдана отырып, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, полицейлер «Ватцап» арқылы өтірік қауесет таратқан белгісіз жанның жеке-басын анықтады. Ол өз кінәсін толық мойындады. Бас шарасы «қолхатта». Аталған жайт Мақтаарал АПБ-мен ҚР ҚК-нің 274-бабы «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?