• Сб. Май 18th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Шардаралық полицейлер 300 келі заңсыз балық аулаған күдіктілерді ұстады

Автор:REVIZORRO

Мар 26, 2020

Браконьерлік және табиғат қорғау заңнамасын бұзу жайттарын анықтау және жолын кесу бойынша жиі жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында Шардара аудандық полиция бөлімінің табиғатты қорғау тобының аға инспекторы полиция майоры Бекмұханбет Теңгебаев пен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспекторларының бірлескен жұмыстарының нәтижесінде заңсыз балық аулаған азаматтар ұсталды.

Яғни, жергілікті Шардара су қоймасының маңынан заңсыз балық аулаған Жетісай ауданының екі тұрғыны құрықталды. Тәртіп сақшылары күдіктілерден айғақты зат ретінде 300 келі балық, қайық пен балық аулауға арналған торды тәркіледі. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 335-бабы «балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау» бойынша СДТБТ-ға тіркелді.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері балық ресурстарын заңсыз аулау саласындағы табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейінгі әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.
Түркістан облысы

Один комментарий к “Шардаралық полицейлер 300 келі заңсыз балық аулаған күдіктілерді ұстады”
  1. Шардара полиция кызметкерлери жасасын. Осылай елге адал кызмет жасап енбектерин халкым багаласын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?