• Пн. Апр 29th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

ДӘРІГЕРЛЕРГЕ РАХМЕТ – ОЛАР КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСТЕ АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРДА!!!

Автор:REVIZORRO

Апр 2, 2020

Бүкіл әлем қазір коронавирустық инфекцияның пандемиясымен күресуде. Біздің елімізде пандемияның таралуына жол бермеу бойынша барлық қажетті жедел және тиімді шаралар қабылдануда. Қазіргі қиын жағдайдың басты балуандары- медицина қызметкерлері, өйткені олар адамдармен қарым-қатынас жасауға бірінші болып барады. Олар коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупіне қарамастан, еліміздің азаматтарының денсаулығы үшін осындай қиын уақытта өз жұмысын бір минутқа да тоқтатпайды.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Ералы Жумаханбетов және департаменттің жеке құрамы денсаулық сақтау қызметкерлеріне ауыр және қауіпті жағдайдағы еңбегі үшін шексіз алғыс білдіреді. Біз сіздердің адалдықтарыңызды, төзімділік пен кәсібиліктеріңізді бағалаймыз. Сондай-ақ коронавирустық инфекцияға қарсы күресіп жатқан барлық азаматтарға үлкен рақмет!
Баршаңызға атсалысып жатқандарыңыз үшін алғыс айтып, тек қана бірге біз пандемияны жеңе алатынымызға және жағдайды жақсы жаққа бұра алатынымызға шынайы сенім білдіреміз!
Шымкент қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?