• Вс. Апр 28th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Жамбылда волонтерлер полиция қызметкерлеріне көмектесуде

Автор:REVIZORRO

Апр 2, 2020

2020 жылдың 1 сәуірінде Жамбыл облысында полиция қызметкерлерімен бірге волонтер жастар аймақтағы барлық ауданаралық блок-бекеттерінің жұмысына қатысты, деп хабарлайды Polisia.kz
Іс-шараны жүргізудегі полиция қызметкерлерінің міндеті жүргізуші мен жолаушылар сапарының мақсатын анықтау болды. Егер жүргізушінің облыс орталығына кіріп-шығуы маңызды мәнге ие болмаса, онда тәртіп сақшылары жолаушыларды кері қайтарды.
Сонымен қатар жастар төтенше жағдай кезінде қойылатын талаптар туралы, атап айтқанда, автокөліктер қозғалысына қатысты шектеулер көрсетілген жадынамаларды таратты.
«Қазір біздің еліміз бүкіл әлем сияқты қиын кезеңді бастан өткеруде. Біз халықтың қауіпсіздігі мен қоғамның тыныштығы жолында қызмет етіп жүрген жандарға әрдайым көмектесуге дайынбыз. Сол мақсатта бүгін жамбылдық полицейлердің блок-бекеттеріндегі жұмыстарына қатысып, тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтаудың аса маңыздылығын түсіндіруге, ақпараттандыруға өз үлесімізді қостық», — дейді волонтер Аяулым Расылхан.
Еске сала кетсек, Жамбыл облысында 31 наурыздан бастап көлік құралдарының барлық түрлерінің кіруіне және шығуына шектеу шаралары енгізілді.
Осыған байланысты, облыста шекарадағы аймақаралық бақылау бекеттерінен басқа, төтенше жағдайда көлік құралдарының қозғалысын бақылау және жүргізушілер қозғалысының орындылығын анықтау үшін ауданаралық блок-бекеттері жұмыс істеуде.
Жамбыл облысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?