• Пн. Апр 29th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Жалған ақпарат таратқан тұрғын ұсталды

Автор:REVIZORRO

Апр 2, 2020

Жамбылда жалған ақпарат таратқан тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әлеуметтік желілер арқылы “С понедельника 30.03.2020г. Шу закрывается на официальный карантин” туралы жалған ақпарат жариялаған.
Аталған дерек бойынша Шу аудандық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 2020 жылдың 30 наурызы күні жалған ақпарат таратқан 34 жастағы Шу қаласының тұрғыны анықталды.
Ұсталған азаматша жоғарыда аталған мәліметті әлеуметтік желілерде жариялап, қателік жасағанын мойындады.
Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен (төтенше жағдай кезінде, көрінеу жалған ақпарат тарату) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл бап бойынша үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Жамбыл облысының Полиция департаменті тұрғындардан тек ресми ақпараттарға сенуді сұрайды.

Жамбыл облысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?