• Пн. Ноя 2nd, 2026

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Қызметтің жаңа түрі тұғындарға құқықтық кеңестерді онлайн режимде алуға мүмкіндік береді.

Автор:REVIZORRO

Апр 4, 2020

Аталмыш жоба қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, заңсыз әрекеттердің алдын алуға, сондай-ақ азаматтардың құқығын қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, «Сенім» бірыңғай қызметінің мақсаты – тұрғындардың құқықтық мәдениетін кеңейту, олардың қоғамдық ұйымдарға деген сенімін нығайту.
⠀
«Алғашқы кезеңдегі жобаның пилоттық нұсқасында құқықтық кеңестер 14 адамға ұсынылған болатын. Хабарласқан азаматтардың барлығы өзінің құқықтық сауаттылығын арттыруға мүдделі екендігін айтты», – дейді қорғаушы заңгер Әсел Молдағалиева.

Ол консультациялық қызметтің еліміздегі төтенше жағдай режимінде тегін кеңес алуға мүмкіндік беретін қолайлы құрал екендігін атап өтті.
⠀
Жобаны Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен елордадағы қоғамдық ұйымдардың өкілдері жүзеге асырып жатыр. Байланыс телефоны: + 7 7172 64 34 78, 8 771 996 09 27, 8 702 172 6139
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *