• Пн. Апр 29th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Құрметті Өскемен және Семей қалаларының тұрғындары!

Автор:REVIZORRO

Апр 4, 2020

Бүгінгі күннен бастап, автокөліктің қозғалысын шектеу жөніндегі ережеге сәйкес, демалыс және мереке күндері қала бойынша жеке көліктердің жүруіне тыйым салынады.

Сондай-ақ, жұмыс күндері сағат 21.00-ден таңғы 5.00 дейін жеке көлік қозғалысы толық тоқтатылады.

Осы түнде мен өскемендіктердің төтенше жағдай туралы ережені сақтау деңгейін тексердім. Өкінішке орай, тұрғындар әлі күнге дейін жағдайдың маңыздылығын түсінбеген. Осылайша өзіне, жақындарына және басқа да адамдарға қауіп төндіруде.

Сондықтан мен ең қатаң шараларды қабылдауды тапсырамын.

Бізде екі қалада коронавирус инфекциясының 4 расталған жағдайы тіркелген. Бізге азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығын сақтау өте маңызды.

Сондықтан сіздерді тәртіпке, өзін-өзі оқшаулау міндетін орындауға шақырамын! Бұл күндері COVID-19 қарсы күрестің ең тиімді әдісі осы.
⠀Даниал Ахметов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?