• Вс. Май 19th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

«Гүлдерді отырғызу жұмыстарын бастауға дайынбыз» — коммуналдық қызметтер Нұр-Сұлтан қаласында 6 млн. гүлдерді отырғызады

Автор:REVIZORRO

Апр 6, 2020

«Гүлдерді отырғызу жұмыстарын бастауға дайынбыз» — коммуналдық қызметтер Нұр-Сұлтан қаласында 6 млн. гүлдерді отырғызады- деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі. Биыл «Астана-Зеленстрой» ЖШС 6 млн.гүлзар отырғызуды жоспарлап отыр. Коммуналдық қызмет жұмысшылары алаңдарды, саябақтарды, тынымбақтар мен қала көшелерін безендіріп, аумақтарды абаттандырмақшы. Қызметкерлердің айтуынша, олар отырғызу уақытын асыға күтуде: «гүлдер түрлі-түсті, жарқын, бәрімізге ұнайды, біз отырғызған әр ағашқа, бұтаға қамқорлық жасаймыз».

«Осы кәсіпорында жасап жатқаныма 10 жылдан асты. Өздеріңіз білетіндей, гүлдер біздің қаланы көркейтіп қана қоймай, тұрғындарымызға оң әсер етеді. Көңіл-күйді көтеретіні анық. Әсіресе, біздің балаларымызға қатты ұнайды. Бір сөзбен айтқанда, гүлдер біздің қаламызды қайта түлетеді. Біздің елордамыз жылдан жылға көркейіп келеді», — Жайнагүл Дәулетқызы.

Кәсіпорын директоры атап өткендей, коммуналдық қызметтің жұмысшылары елорда тұрғындарын қуантып, жайлылық жасауға дайын. Елорда бір жылдық және көпжылдық гүлдермен безендіріледі.

«Біздің елордамызды көгалдандыру бағдарламасы аясында «Астана-Зеленстрой» кәсіпорны ағаштар мен бұталарды отырғызу, гүлзарлар орнату бойынша заманауи технологияларды енгізу жұмыстарын жалғастыруда. Биыл 6 млн гүлзар отырғызуды жоспарлап отырмыз. Қалада бірқатар гүл композициялары жасалып, гүлдеріміз елорданың барлық аудандарын безендіріледі. Оған қоса, ағаштарды отырғызу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде» — деп атап өтті кәсіпорын директоры Руслан Оралов.

Сондай-ақ, басшының айтуынша, барлық гүлзарлар отандық агроном-ғалымдардың қатысуымен өсіріледі. Жасыл желектердің барлық тұқымдары зертханалық зерттеулерден өтеді. Бүгінгі таңда «Астана-Зеленстрой» кәсіпорында 600-ге жуық адам жұмыс істеп жатыр. Мемлекет Басшысының тапсырмасымен Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында жаңа жұмыс орындарды ашу жоспарлануда. Осы кәсіпорында жұмыс істегісі келетіндер
87019099444, 87015134783, 87027486700, 87019336467, 87011208002 телефоны арқылы хабарласа алады.
Нұр-Сұлтан қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?