• Вс. Май 19th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі штабпен 10 мыңға жуық өтініш өңделді.

Автор:REVIZORRO

Апр 6, 2020

Нұр-Сұлтанда 42,5 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек алуға 100 мыңнан астам адам өтініш берді. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі штабпен 10 мыңға жуық өтініш өңделді. Төлемді 4 мыңнан астам адам алды. Қалалық штаб демалыссыз, күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, 42,5 мың теңге көлемінде әлеуметтік төлем алушылардың тізімі ұзартылды.
Төтенше жағдай кезінде қаржылай көмекті бұрын ресми жұмыс істеген адамдар ғана емес, өзін-өзі жұмыспен қамтып, бір жылдан аса уақыт декреттік демалыста отырған әйелдер де ала алады.

Өтінішті «Электрондық үкімет» веб-порталы, telegrambot egov.kz немесе 42500.enbek.kz сайты арқылы электрондық форматта беруге болады.

Қосымша ақпарат алу үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына 55-14-87, 55-01-74, 55-69-59, 55-67-12, IKomek109 хабарласуға болады.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?