• Вс. Май 19th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Елімізде төтенше жағдай орын алғалы бері Алакөл ауданында бірқатар игілікті істер атқарылып келеді.

Автор:REVIZORRO

Апр 6, 2020

Алакөлдік ағайынның қайырымды істері туралы Алматы облысы әкімдігі хабарлады.
Елімізде төтенше жағдай орын алғалы бері Алакөл ауданында бірқатар игілікті істер атқарылып келеді.

Мәселен, Екпінді ауылдық округі әкімдігі мен аналар кеңесі және ауыл еріктілерінің ұйымдастыруымен ауылда күніне 100 дана бірнеше рет тағуға жарамды бетперделер тігіліп, ауыл тұрғындарына тегін таратылуда. Осы күнге дейін 2000 бетперде таратылды.

Дәл осындай игі іспен Жыланды ауылдық округіндегі «Ауыл өнері» цехы да айналысуда. Аталған цехта қазіргі жағдайға ең қажетті көпретті бетперделер тігілуде. Мұнда15 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Цех бетпердемен ауыл тұрғындарын ғана емес, жақынды-алысты ауылдарды да қамтып отыр. Тәулігіне 1000 дана бетперде шығарады, сондай-ақ,жеке азаматтардан да тапсырыстар түсуде.

Осындай қайырымдылық көмек Ақжар ауылдық округінде де жалғасты. Мұнда күніне 350-400 бетперде тігіліп, ауыл тұрғындарына тегін таратылады. Ауылдық округ әкімдігі, аналар кеңесі мен ауыл жастарының ұйытқы болуымен, осы күнге дейін мыңға жуық бетперде таратылған.
Аталған ауылдардың тұрғындары өз кезегінде осындай қиын-қыстау сәттерде көмек қолын созған азаматтарымыздың қайырымды істеріне өз алғыстарын білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?