• Вс. Май 19th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

«Вирустың бақыланбай таралуына жол бермеу бойынша шектеуші шараларды дер кезінде қолдануымыз тиіс»

Автор:REVIZORRO

Апр 6, 2020

Шымкент қаласының партиялық бақылау комиссиясы ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмаларын орындау шеңберінде Төтенше жағдай режимінде өз жұмысын жалғастырып келеді. Республикада Төтенше жағдай жарияланған кезеңнен бастап ПБК Шымкент қаласы азаматтарын әлеуметтік қолдауға қатысты барлық мәселелерді өз бақылауына алды. Бауыржан Байбек атап өткендей, пандемиядан туындаған ауқымды дағдарыс жағдайында алғашқы кезекті қарапайым азаматтар көмекке мұқтаж болады, бұл, әрине шындық. Елбасының үндеуіне алғашқылардың бірі болып үн қатқан Шымкент қаласының бизнесмендері өздерінің азаматтық ынтымақтастығын танытып, қолдауға 140 миллионннан астам теңге қосты. Қазіргі таңда қоғамдық тамақтану объектілерінің, базарлардың дүкендердің қызметі мен адам көп жиналатын жерлер (банкоматтар, сауда нүктелері) ПБК бақылауында. Сондай-ақ Шымкент қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің «Шымкент қаласының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу шаралары туралы соңғы Қаулысын ескере отырып, 2020 жылғы 4 сәуірден бастап ҚР-да ТЖ аяқталғанға дейін қаланың бүкіл аумағында карантин енгізілді. Осыған байланысты бізді үлкен әрі жауапты жұмыстар күтіп тұр, біріншіден, бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде зарарлану ошақтарын оқшаулау және қала тұрғындары арасында вирустың таралу қаупін барынша азайтуға бағытталған шектеу және әлеуметтік оқшаулау шаралары туралы ақпаратпен қамтамасыз ету қажет. Біз қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шешімдердің маңыздылығын атап өтуіміз, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылауға алуымыз, вирустың бақыланбай таралуына жол бермеу бойынша шектеуші шараларды дер кезінде қолдануымыз тиіс.
М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры Дария Қожамжарова
Шымкент қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?