• Пт. Май 17th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Түркістандағы құрылыс алаңдарында қарқынды жұмыс жүруде.

Автор:REVIZORRO

Апр 6, 2020

Түркістандағы құрылыс алаңдарында қарқынды жұмыс жүруде. Барлық нысан басында сактық шаралары қатаң сақталады.

Бұл туралы Мира Муслим өзінің әлеуметтік желісі парақшасында жариялады. Жақын арада ең алдымен Тұңғыш Президент саябағы,орталық аллея, Әзірет Сұлтан тарихи-мәдени қорық-музейінің аумағын абаттандыру жұмыстары толық аяқталады.

Бой көтерген басқармалар ғимараты, департаменттер ғимараты, конгресс орталығы, Нұр-Сұлтан алаңы, оқушылар сарайы, стадион, цифрлық кеңсе, бассейні бар спорт кешені, смарт сити байланыс желілері, қалалық саябақ, драма театр, ғылыми-әмбебап кітапхана, Ұлы дала елі орталығы, Қ.А.Яссауи мұражайын биыл пайдалануға беру жоспарлануда.

Бұдан бөлек, әкімшілік-іскерлік орталығында 7 инженерлік инфрақұрылым нысандарының(су, кәріз, электр, газ, жылу, жол және абаттандыру) құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде.

Сондай-ақ, «Rixos Turkestan», «Hampton by Hilton», «Нұр-әлем» қонақ үйлері мен «Әкімшілік ғимаратын қонақ үй етіп қайта құру», «Караван Сарай» және 5000 орындық мешіттің құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Барлық құрылыс алаңдарында санитарлық-профилактикалық шаралар күшейтілген.
Түркістан облысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?