• Чт. Май 2nd, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

КАРАНТИН УАҚЫТЫНДА МАҢҒЫСТАУ АУМАҒЫНДА ҚАНДАЙ КӨЛІКТЕРДІҢ ҚОЗҒАЛЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛЕДІ?

Автор:REVIZORRO

Апр 7, 2020

Бұл сұраққа Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ержан Күмісқалиев жауап берді.

1. Жедел жәрдем, полиция, авариялық-құтқару және өзге де коммуналдық (жылу, газбен қамту, су және энергиямен жабдықтау, тазалық, қоқыс жинау) қызметтердің, интернет байланысы мекемелерінің көліктеріне;

2. Стратегиялық нысандардың көліктеріне;

3. Сауда нүктелеріне азық-түлік және тұрмыста қолданылатын бұйымдарды жеткізуші, дәріханаларға дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдарды тасымалдаушыарнайы жасақталған көліктерге(рұқсат қағазы болуы қажет);

4. Карантин режимін қамтамасыз етуші мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, төтенше жағдай қызметтерінің, арнайы органдар мен әскери ұйымдардың, кәсіпкерлер палатасының қызметтік көліктеріне(мекеменің рұқсат қағазы болуы қажет);

5. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне, журналистерге (мекеменің рұқсат қағазы болуы қажет);

6. КСК қызметінің көліктеріне (саны 15-тен көп емес, арнайы әкімдіктің тізім бойынша);

7. Эвакуатор және почта қызметінің көліктеріне (мекеменің рұқсат қағазы болуы қажет);

8. Күзет агенттіктерінің арнайы көліктері;

9. Өнеркәсіптік жүк тасымалдаушы көліктер мен құрылыс материалдарын тасушы көліктерге (кедергісіз қозғалу);

10. Ресми тіркелген такси қызметіне(сағ. 06:00 – 21:00 аралығында).

(Рұқсат етілген ресми таксилер туралы ақпарат пен тел нөмірлерін қала, аудан әкімдіктерінен алуға болады. Әлеуметтік желілердегі есми парақшаларынан да оқып, таныса аласыздар).

ЕСКЕРТУ, басқа жағдайларда облыс тұрғындарына жеке және қызметтік көліктерімен сағат 06:00 – 10:00 және 17:00 – 21:00 аралығында ғана жүруге рұқсат етіледі!

Жұмыс істейтіндер өздерімен бірге жеке куәлігін, көлік құжаттарын және облыстық әкімдік ұсынған үлгі бойынша жұмыс орнынан берілген анықтаманы алып жүруі тиіс.

Ал, үйде отырған тұрғындар жеке көлігімен шыққанда жеке куәлігі мен көліктің құжаттарын ұмытпауы тиіс.

Маңғыстау облысында қоғамдық көліктердің (автобустардың) қозғалысы тоқтатылды.
Тек қана Мұнайлы ауданынан Ақтауға қатынайтын қоғамдық көліктерге 06:00 – 10:00 және 17:00 – 21:00 аралығында ғана жүруге рұқсат берілді.

Ақтаудан Мұнайлы ауданы немесе Ақшұқыр, Сайын Шапағатов ауылдарындағы шаруа қожалықтарына, егін, малына барып жем-шөбін беруі үшін 06:00 – 10:00 және 17:00 – 21:00 аралығында жеке көліктеріңізбен баруыңызға болады. Ол үшін жеке куәлікпен бірге шаруа қожалығы немесе жер участогының қағазы болуы тиіс. Сіз тәртіп сақшысына малыңыздың не егін шаруашылығыңыздың бар екенін дәлелдей алуыңыз керек.
Маңғыстау облысы әкімдігі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?