• Чт. Май 2nd, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Қарасайлық әскери міндеттілер алғашқы болып іске кірісті.

Автор:REVIZORRO

Апр 7, 2020

Қарасайлық әскери міндеттілер алғашқы болып іске кірісті- деп хабарлады, Алматы облысы әкімдігі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 сәуірде «Әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру» туралы Жарлығына сәйкес, қарасайлық ер азаматтар облыс бойынша алғашқылардың бірі болып ерікті түрде әскери міндеттерін атқаруға жұмыла кірісе кетті.
200-ден астам өтініш білдірген әскери міндеттілердің ішінен 78 азамат іріктеліп алынды.

Осылайша ел үмітін арқалаған ерлеріміз әскери қорғаныс істері жөніндегі бөлімде тізім бойынша түгенделіп, Қаскелең қаласындағы №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне тұрақтандырылды. Өйткені дәл осы орталық азаматтарымыз үшін арнайы казарма ретінде жабдықталған.

Келе салысымен әрқайсысы құжаттарын өткізіп, әскери формаларын түгендеп, темірдей тәртіпке қайта оралды. Әскерилердің барлығы да бір ауданның ер азаматтары.

Енді олар алдағы күндері індет анықталған карантиндік аймақта жүргендіктен, басқа адамдардың қауіпсіздігі үшін осы казармада аудан әкімінің шешіміне сәйкес ең аз дегенде 10 күн немесе 3 айға дейін уақытша казармада тұратын болады.
Алматы облысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?