• Чт. Май 2nd, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Түркістан облысы полицейлері 1 келіден астам есірткі сақтаған, бұрын сотты болған азаматты ұстады

Автор:REVIZORRO

Апр 7, 2020

Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын жақын таныс емес азамат, өзімен бірге ірі көлемде «марихуана» есірткі затын алып жүргені жөнінде хабарлады. Аталған ақпарат Түлкібас АПБ-мен ҚР ҚК-нің 296-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, СДТТБТ-не енгізілді. Хабарламада көрсетілген жайтты анықтау мақсатында оқиға орнына Түркістан облысы ПД ЕБҚКБ-ның қызметкерлері мен Түлкібас АПБ-нің қызметкерлері шығып, шұғыл тексеру жұмыстарын жүргізді. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікке ілінген азаматтың жеке-басы анықталды. Тәртіп сақшылары азаматтың тұрғын-үйін жеке тінту әрекетін жүргізу барысында, ол өз еркімен 1 дана полиэтилен пакетке оралған, өзіне тән хош иісі бар, жасыл түсті марихуана есірткі затына ұқсас, өсімдік тектес затты тапсырған. Сонымен қатар, оқиға орнынан айғақты зат ретінде тағы 1 дана папироста және полиэтилен пакетіне салынған «кептірілген өсімдік» табылды. Полицейлердің қырағылығы мен кәсіби шеберлігі арқасында табылып, алынған заттарға сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысына сәйкес, аталмыш зат салмағы 1 келіден астам ірі көлемді «кептірілген марихуана» болып шықты. Тергеу барысында күдікті бұдан алдын есірткі сақтағаны үшін жауапкершілікке тартылып, 9 жылға сотты болғаны белгілі болды. Оның айтуынша, ол бұл жолы да есірткі затын өзі қолдану үшін сақтаған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Түркістан облысы полицейлері азаматтарға тыйым салынған заттарды қолданып, сатуға, сақтауға болмайтынын, әр құқықбұзушылыққа өзіне сәйкес жауапкершілік қаралғанын ескертеді. Есірткіні қолдану, бірінші кезекте сіздің денсаулығыңызға қауіпті. Сондықтан, полицейлер қайта салауатты өмір салтын қолданып жүруге кеңес береді.
Түркістан облысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?