• Пт. Май 3rd, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ ҮЙДЕ АЛКОГОЛЬ САТҚАН

Автор:REVIZORRO

Апр 11, 2020

Солтүстік Қазақстан облысы аумағында жарияланған карантиннің алты күні ішінде төтенше жағдай режимін бұзудың 100-ден астам фактісі анықталды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Полиция қызметкерлері қауіпсіздік шараларын ашық түрде елемейтін өрескел бұзушыларға қатысты әкімшілік сипатындағы шаралар қолдануда, олар өз әрекетімен өздеріне ғана емес, айналасындағы адамдарға да зиян тигізуі мүмкін. Көптеген қалалықтар осындай заң бұзушылардың жауапсыздықтарына алаңдауда, себебі олардың денсаулығы тек өздерінің қолында ғана емес, қоғамдағы адамдардың жауапкершілігіне де байланысты екенін түсінеді. Кейбіреулер қабылданған шараларға қарсы тұруға тырысып жатқан кезде, азаматтық жауапкершілікті сезінген петропавлдықтар наразылықтарын білдіруде. Азаматтардан «102» арнасына, сондай-ақ электронды ресурстар арқылы да төтенше жағдайды бұзғандарға қатысты шара қолдану туралы хабарламалар келіп түсуде.

Алматы көшесіндегі үй тұрғындары көрші әйелдің карантинге қарамастан алкогольдік өнімді сатып жатқаны және үйіне сатып алушылардың келетінін хабарлады. Тұрғындар көршілерінің заңсыз әрекетінен гөрі келіп-кететіндерге алаңдаулы. Олар бұл жөнінде «102» арнасына хабарлаған. Полицейлер алкогольдік өнімді сату фактісін анықтады. Кіреберісте ақырын ізін суытпақшы болған ер адамнан бір бөтелке ішімдік алынды. Алынғандар сараптамаға жіберіліп, заңсыз кәсіпкерлік қызметі фактісі бойынша 80 мың теңгеге дейін айыппұл көзделген ҚР ӘҚтК 463-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік материал жиналды. Айта кетейік, әйел алкоголь саудалағаны үшін наурыз айының басында жауапқа тартылған. Оған өткен жылы да 50 мың теңге айыппұл салынған болатын. Аталған фактілер көрсеткендей, осындай әкімшілік ықпал ету шаралары бұзушыға әсер етпеген болып шықты.

Көп қабатты үйлердің ауласында біреудің көлік жуып жатқаны, үй ауласында бас қосудан тыйылмай жатқандар туралы хабарламалар да келіп түсіп тұрады. «Патрульдеудің күшейтілгеніне қарамастан біз адамдар үйлеріңде қалып, дүниежүзіне қиын соққан уақытта бойларында сана-сезімдері оянатынына сенеміз. Азаматтардың басым көпшілігі мәжбүрлі шараларға түсіністікпен қарайды, осылайша бізге құқықтық тәртіпті нығайтуға көмек көрсетеді», — атап өтті СҚО Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаев.
Солтүстік Қазақстан облысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?