• Пн. Май 13th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Рейд!

Автор:REVIZORRO

Май 3, 2019

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі Жол-патрульдік полкі қызметкерлері мен әлеуметтік желі белсенділерінің қатысуымен «Шымкент — адалдық алаңы» жобасы аясында «Адалдық жолында» атты рейдтің төртінші күні жүргізушілердің автокөлік терезелерінің тонировка жасауына, яғни терезелерінің күн сәулесі өту мөлшерін ережеге сай келмейтіндерін анықтауға бағытталды.
Рейд барысында полиция қызметкерлері жүргізушілерге және тұрғындарға автокөлік терезесінен күн сәулесі өту мөлшерін өлшейтін «Мета» маркалы тоник құрылғысымен таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ережені бұзған жүргізушілердің басым бөлігіне ескерту беріліп, ал өрескел бұзғандарға әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Әлеуметтік желі белсенділері Руслан Жанпеисов, Айгүл Орынбек, Денис Шевченко және «U:Project» жастар ұйымының өкілдері аталған рейдке қатысып, өздерінің тараптарынан үлкен үлестерін қосты. Рейд қатысушыларына үлкен алғысымызды айтамыз.

«REVIZORRO»

Шымкент қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?