• Сб. Май 4th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Сотталған азамат, бір айлық жалақысын мүгедек балаларға берді

Автор:REVIZORRO

Апр 12, 2020

Карантин мезгілінде Ақтөбедегі КА-168/1 мекемесінде (тергеу изоляторы) жаза мерзімін өтеуші сотталған бір айлық жалақысын мүгедек балаларға берді-деп жазды Ақтөбе облысының қылмысты атқару жүйесі департаменті

Жазасын өтеуші сотталған Мейрамбек Боранбаев, өз әрекетін тергеу қамауында түсірілген бейнебаянда мәлімдеді.

Бейнебаянда ол, өзінің қазіргі елдегі төтенше жағдайға байланысты мүмкіндігі шектеулі адамдарға бір айлық жалақысын аудару арқылы қайырымдылық жасағысы келгенін айтып, осы ойын құптаған мекеме және департамент басшыларына алғысын білдіріп, басқа азаматтарды да қиын жағдайда «Бірге болуға» шақырады.

Өз кезегінде, қайырымдылық көмегін алған Ақтөбе қаласының «Ғажап» мүгедек балалар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ботагөз Дуйсекова, төтенше жағдай кезінде қайырымдылық іс жасаған сотталған азаматтың бұл игі ісіне мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған барлық ата-аналардың атынан алғыс айтып, бөлінген қаражатқа бірнеше отбасыға бірінші кезекте тұтынылатын азық-түліктер сатылып алынып, таратылғанын айтады.
Ақтөбе облысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?