• Пт. Дек 5th, 2025

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Нұр-Сұлтан: Дезинфекция жұмыстарына 500-ге жуық адам қатысады

Автор:REVIZORRO

Апр 13, 2020

Қалалық қызметтер, әскери қызметкерлер, әскерге шақырылғандар елордада үшінші рет ауқымды дезинфекция жұмыстарын өткізеді. Дезинфекция барысында тұрғын үйлер, соның ішінде орамішілік аумақтар қайта қамтылады.Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мәлімдеді.

Дезинфекция жұмыстарына 500-ге жуық адам қатысады: қалалық қызметтермен бірлесіп дезинфекцияға қарулы күштердің биологиялық қорғау бөлімшелері мен әскерге шақырылғандар да қатысады. Адам көп жиналатын орындар: әлеуметтік нысандар, базарлар, сауда ойын-сауық орталықтары, өткізу-бақылау бекеттері және т. б. күнделікті дезинфекцияланып жатыр.

«Біздің бригаданың бөлімшесі Нұр-Сұлтан аумағын дезинфекциялаумен айналысады. Қаланы дезинфекциялауға 300-ден астам адам шығады. Әскери бөлімнің жеке құрамы оқытылды, дезинфекция жүргізуге дайын, барлық қажетті құралдармен қамтамасыз етілді, дезинфекциялық құралдар қоры бар. Дәрігерлер тұрып жатқан медициналық ұйымдардың, қонақ үйлердің аумақтарына ерекше көңіл бөлеміз», — деп атап өтті 68/665 ә/б радиациялық химия-биологиялық қорғау қызметінің бастығы Дмитрий Ефимов.

Сонымен қатар, елорда көшелері мен магистральдарына екі жақты жаппай өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Нұр-Сұлтан қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *