• Пн. Апр 29th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Қарағанды: Жазғы өрт қауіпті кезеңдегі қауіпсіздік шаралары

Автор:REVIZORRO

Апр 14, 2020

Суықтың орнына көктемгі жылы ауа райы келді. Саяжай маусымы жақындап келеді. Саяжай маусымы басталысымен біз жыл сайын облыстың саяжай алқаптарында өрттердің өсуін атап өтеміз. Бұл азаматтардың үй маңындағы аумақты құрғақ шөптен, жанғыш қоқыстан тазарту кезінде өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтамауына байланысты. От жағу, қалдықтар мен ыдыстарды жағу ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 метр қашықтықта жүзеге асырылуы тиіс. Ал желді ауа райында алау жағуға болмайды.

Бұл тек саяжайларға ғана емес, жеке сектордың тұрғындары үй маңындағы аумақты тазалағаннан кейін жанғыш қоқыстарды жинайды, бұл да өрттің пайда болуына қауіп төндіреді. Сөндірілмеген темекіден немесе сіріңкеден мұндай қалдықтардың тұтануы мүмкін.

2019 жылы қоқыстарды, құрғақ шөптерді өртеуге байланысты құрылыстар мен дуалдарға жақын жерде, қараусыз қалған алау жанында барлығы 64 өрт болды. 2020 жылдың өткен кезеңінде саяжайда 6 өрт тіркелді.

Жақын арада егіс жұмыстары басталады. Өрттің алдын алу үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге өрт қауіпсіздігінің қандай шараларын сақтау қажет?

Ауыл шаруашылығы кәсіпорнының басшысы машиналар мен агрегаттардың өртке қарсы дайындығына, механизаторлардың өртке қарсы нұсқауын ұйымдастыруға, сондай-ақ дала жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға жауапты тұлғаларды тағайындауы тиіс. Далалық жұмыстарға тартылатын тұлғаларға орман-дала алқаптарындағы өрт қауіпсіздігінің негізгі шаралары туралы нұсқау берілуі тиіс. Далалық жұмыстарға тартылатын техниканы жарамды ұшқын сөндіргіштермен жабдықтау қажет. Алдағы от жағу туралы азаматтық қорғау бөлімшелеріне (қалалар мен аудандардың ТЖ басқармалары мен бөлімдеріне) хабарлау қажет.

Бақыланбайтын жағуды жүргізуге жол берілмейді.

Сонымен қатар, тұрақты құрғақ, ыстық және желді ауа райы жағдайында жағуға жол бермеу қажет.

Орман аймағына, сондай-ақ елді мекендерге іргелес жатқан дала өрттерінің өтуіне жол бермеу мақсатында жырту (минералдандырылған жолақтарды орнату) қажет.

Дала орнақтары өртті сөндіруге арналған су қорымен, өрт сөндіргіштермен, күрекпен және сыпырғыштармен қамтамасыз етілуі қажет.

Ас үйлерді әр түрлі құрылыстардан 30 метрден жақын емес орналастыру қажет.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар!

Қарағанды облысы ТЖД

ЗҚҚАжАҚСБ бас маманы

азаматтық қорғау подполковнигі

Н.Еременко

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?