• Пн. Апр 29th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Департамент қызметкерлері донор болды

Автор:REVIZORRO

Апр 14, 2020

Ағымдағы жылдың 10 сәуірінде Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және оның бөлімшелерінің қызметкерлері Жамбыл облыстық қан орталығына барды. Осы орталыққа бару, Департамент қызметкерінің жақын туыстарының бірі үшін қан жинау қажеттілігі себеп болды. Осылайша, Өрт сөндіру қызметінің және Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері қалыптасқан жағдай туралы біліп, бірден бір жиналып, өз еркімен қан донорлары болуды шешті. Осылайша, қызметкерлер әріптестеріне көмектесіп қана қоймай,басқа адамдардың өмірін құтқаруға үлестерін қосып, өз денсаулықтарына пайда әкелді.

Кейбір қызметкерлер алғаш рет донорлық рәсімінен өтті. Жамбыл облысының өрт сөндірушілері қан банкін үнемі толықтырып отырады. Үнемі қан беру зиянсыз, тіпті денсаулық үшін пайдалы. Мысалы, бұл жүректің ишемиялық ауруының және әсіресе инфаркт сияқты қорқынышты асқынуының тиімді алдын алу екені ғылыми дәлелденген. «Қауіп-қатер мамандықтары» бар адамдарға тұрақты донорлық, қан жоғалту кезінде аман қалуға мүмкіндік береді.

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?