• Пн. Апр 29th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Вируспен күрес

Автор:REVIZORRO

Апр 14, 2020

Жамбыл ауданының № 6 өрт сөндіру бөлімінде бөлімшелердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және вирустық инфекциялардың таралуына жол бермеу үшін профилактикалық шаралар кешені жүргізілуде.

№6 ӨСБ бөлімшелері эпидемиологиялық жағдайға қарамастан тәулік бойы кезекшілікте жұмыс істеуді жалғастыруда және қажет болған жағдайда тұрғындарға жедел көмекке келуге дайын.

Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында гарнизон қызметкерлері профилактикалық іс-шаралар кешенін, оның ішінде санитарлық-эпидемиологиялық іс-шаралары жүргізілуде.

Арнайы құралмен дезинфекциялық өңдеуге №6 ӨСБ бөлмелері, ғимараттары мен аумақтары ғана емес, сондай-ақ бөлімшелердің қару-жарағындағы жабдықтар мен техника да дезинфекцияланады. Өрт пен оқиғаларға жауынгерлік шығуды жүзеге асыратын арнайы техниканы өңдеуге ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, кабинеттерді санитарлық өңдеу және үнемі желдету жүргізіледі.

Сонымен қатар, қызметкерлер денсаулық сақтау министрлігінің барлық ұсыныстарын сақтайды.

Таңертең жұмысты бастамас бұрын әрбір қызметкердің температурасын өлшеу және жай-күйін бақылау жүргізіледі.

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы ТЖБ Аға инженерi Рахметиллаев Қуаныш

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?