• Пн. Апр 29th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Д. Ахметов: Өскемен мен Семей қалаларының полицейлері қашықтықтан тұрғындардың дене қызуын өлшеуді бастады.

Автор:REVIZORRO

Апр 14, 2020

Өскемен мен Семей қалаларының полицейлері қашықтықтан тұрғындардың дене қызуын өлшеуді бастады-деп жазады, Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниял Ахметов.Бұған дейін хабарланғанымдай, біздің облысқа 5 мың дана қашықтықтан өлшейтін термометр сатылып алынды. Жаңа заман градусниктері өңірдің қалалары мен аудандарының барлық патрульдік, учаскелік полицейлеріне, сондай-ақ медициналық мекемелерге таратылды.

Бұған түсіністікпен қараған қалалықтарға ерекше алғысымды білдіргім келеді. Сіздердің әрқайсыңыз еліміз үшін алдын алу және шектеу шаралары қаншалықты маңызды екенін толық түсінеді деген сенімдемін. Себебі бұның бәрі облыс тұрғындарының өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған маңызды шаралар.
Өскемен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?