• Пн. Апр 29th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

АҚТӨБЕДЕ 151 МЫҢНАН АСА ОҚУШЫ ҚАШЫҚТЫҚТА ОҚЫТУМЕН ТОЛЫҚТАЙ ҚАМТЫЛДЫ

Автор:REVIZORRO

Апр 14, 2020

Бүгін, 14 сәуір күні «ANTIKOR LIVE» жобасы аясында «Antikor ortalygy» сервистік ғимаратында «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жанболат Тұртаев Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Ляззат Аманжолқызымен тікелей эфирде «Төтенше жағдайға байланысты облыстағы білім саласының деңгейі» тақырыбында сұқбаттасты.Бұл туралы, «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің баспасөз хатшысы
Зульфия НАБИУЛИНА мәлімдеді.
Тікелей эфир барысында басқарма басшысы Ляззат Аманжолқызы 2019 – 2020 оқу жылдары аралығында «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесе атқарған жұмыстарға тоқталып, қазіргі таңда елімізде орын алған төтенше жағдай кезінде Ақтөбе облысының мектеп оқушылары қашықтықтан білім алуының деңгейі туралы баяндап берді.
«Қазіргі таңда қашықтан оқыту 2 тетік бойынша жүргізілді. Біріншіден, облыс бойынша 16770 оқушы телевизиялық сабақтар арқылы оқуда. Интернет желісіне қосылу мүмкіндіктері бойынша кері байланыс «Күнделік» электрондық журналы, WhatsApp, телеграмм мессенджерлері және алдын ала дайындалған тапсырмалар курьерлер арқылы қағаз және флеш тасымалдағышта жасалуда. Екіншіден, 134 288 оқушы қолжетімді Bilimland.kz, daryn.online.kz, kundelik.kz, School.ozin-ozi-tanu.kz, Google class romm платформаларын қолдануды. Кері байланыс WhatsApp, телеграмм мессенджері, электронды пошта арқылы жүзеге асырылып жатыр», — деді Ляззат Аманжолқызы.
Сонымен қатар, басқарма басшысы көрерменнің «Аз қамтылған, көп балалы отбасыларының балалары компьютерлермен қамтамасыз етіле ме?» — деген сауалына:
«Облыстық бюджеттен қаражат бөлініп 2400 ноутбук, республикалық 1700 компьютер алынуда. Бірақ бұл құрылғылар мектептің балансына берілетін болады. Компьютерлер бұған дейін қажет болған оқушыларға уақытша пайдалануға берілді. Келісімшарт негізінде компьютерге қажеттілік туындаған жағдайда мектептен компьютерді пайдалануға алуға болады. Кейін мектепке қайтарылып берілу керек», — деп жауап берді.
Айта кетсек, Ақтөбе облысында барлығы 402 мектеп 151 мыңнан аса оқушыны қамтып отыр. Қазіргі таңда карантин режиміне байланысты қашықтықта оқыту ережесі бойынша облыстың барлық оқушылары толықтай білім алу жүйесімен қамтылды.
Ақтөбе облысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?