• Пт. Апр 26th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Елордада 40 мың отбасы тегін медициналық маскалармен қамтылады

Автор:REVIZORRO

Апр 17, 2020

Нұр-Сұлтанда «Біз біргеміз!» акциясы 40 мың аз қамтылған отбасы медициналық маскалармен қамтамасыз етіледі. Әр жиынтықта 50 қорғаныс құралы бар.

«Жалпы алғанда, Қазақстанның үш қаласы – Нұр-Сұлтан, Шымкент және Алматы қалалары үшін 5 млн. маска сатып алынды. Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына екі миллион маскадан бөлінген. Елорданың 40 мың отбасын қамту жоспарлануда. Әрбір отбасына 50 маскадан таратылады», — деді Е.Бейсенбаев.

Бұл бағыттағы жұмыстар Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жастар саясаты басқармасы қолдауымен, еріктілер ұйымымен бірлесіп жүргізіледі. Барлық еріктілер арнайы қорғаныс костюмдерін киеді.

«Бүгін біз екі мың отбасына 100 мыңға жуық маска таратуды жоспарлап отырмыз. Одан әрі жұмыс карантин біткенше жалғасады», — деп атап өтті Е.Бейсенбаев.

Естеріңізге сала кетейік, «Біз біргеміз!» акциясы аясында 5 мыңнан астам отбасы азық-түлік себетімен және гигиена құралдарымен қамтылған болатын.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі

Один комментарий к “Елордада 40 мың отбасы тегін медициналық маскалармен қамтылады”

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?