• Чт. Апр 25th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Прокуратураның ықпалымен түзеу мекемелерде 12 жеке бизнес субъектілері өз кәсібін ашты

Автор:REVIZORRO

Апр 17, 2020

«Шымкент қаласы прокуратурасының 2020 жылдың 3 айындағықадағалау қызметі туралы», Шымкент қаласының прокуратурасы мәлімдеді

Өткен мерзімде прокуратура органдарының жұмысы Мемлекет басшысының, Бас Прокурордың тапсырмаларыаясында құрылып, өңірдің ерекшеліктеріне байланысты туындаған өзекті мәселелерді шешуге бағытталды.
2020 жылдың І-тоқсанында Шымкент қаласындағы қылмыстылық жағдай 11%-ға төмендеуімен (4236/3773) сипатталады, оның ішінде зорлау (-7%), кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қатысты (-50%), тонау (-31%), қорқытып алушылық (-30%) пен бұзақылықтар (-33%) азайды.
Цифрландырудың аясында осы мерзімде 1882 электронды қылмыстық істің тіркелуін қамтамасыз етіп, жалпы тіркелген қылмыстардың 50%-н құрап отыр.
Есеп-тіркеу тәртібіне жасалған қадағалаудың нәтижесінде прокурорлар заңсыз тергеп-тексеру басталған 40 істің өндірісін 3 тәулікте тоқтатса, керісінше есепке алынбаған 40 жасырылған істерді анықтады.
Мемлекетке келтірілген 2,6 млрд. теңгенің тергеп-тексеру шеңберінде2,1 млрд.теңгенің өндірілуіне қол жеткізілді (80%).
Прокурорлар қылмыстық қудалау органдарының қызметтік бөлмелерінен 10 (6) адамды босатып, құқықтарын қалпына келтірді.
Осы мерзімде 45 адамға қатысты 6 үкім прокурордың апелляциялық өтінішхаттарымен заңдастырылды.
​Қоғамдық мүдделерді қорғау саласындаосы мерзімде 11 тексеру мен 53 талдау нәтижесінде 77 заңдылықты бұзушылық анықталып, 53 прокурорлық актілер енгізіліп, қаралған. 23 мыңға жуық тұлғаның құқықтары, оның ішінде 100 тұлғаның конституциялық құқықтары қорғалды.
Прокурордың актілері негізінде 220тұлға (199тәртіптік, 21әкімшілік) жауапкершілікке тартылып, мемлекет пайдасына 168 млн.теңге қаражат өндірілсе, 865 млн. теңгеге мүлік қайтарылған. Прокурор бастамасымен 6 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, олар тергелуде.
Аэропорт жер телімімен шектесетін 283, 320 темір жол және 15 автомагистраль жолдары бойынан жерлерді заңсыз беру деректері анықталып, прокурор актісі негізінде санитарлық қорғау аймақтарын заң талаптарына сәйкестендірілуде.
Талап арызбен 33 құжат экстремисттік және террористтік деп танылды, «Кибернадзор» АЖ экстремизм мен терроризмді насихаттаған 157 сайт жабылды.
Прокурордың ұсынуын қарау нәтижесінде 22 мың оқушыға ыстық тамақ беру қамтамасыз етілді.
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында құрылған мобильді топпен есептен жасырылған бұзақылық қылмысы анықталып, СДТТБТ-не (ҚК 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы) тіркелді.
2 серіктестіктің тұрғын үй құрылысы үшін жеке және заңды тұлға ақшаларын заңсыз тарту деректері анықталып, олар бойынша шаралар қабылданды.
Бюджет қаржысын жоспарлану заңдылығына жүргізген талдау нәтижесінде бюджеттің шығыс бөлігіне тиісті қағида талаптарын бұза отырып енгізілген 8,1 млрд.теңге қаржы анықталып, енгізілген прокурорлық қадағалау актісінің негізінде, қала бюджетін нақтылау барысында 507,7 млн. теңге қысқартылып, 626 млн. теңге оңтайландырылып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестендірілетін (қажеттілігіне қарай басқа іс-шараларға бағытталатын) болды.

Мемлекеттік сатып алу заңнамасы аясында 3,9 млрд. теңгеге 32 конкурстың күші жойылып, заң талаптарына сәйкестендірілген.
20 млн. теңгеге меншік құқығы танылмаған заңсыз құрылыстарды мемлекет мұқтажы үшін сатып алудың 6 фактісі, легализация комиссиясының шешімін қолдан жасаудың 2 фактісі прокуратура АЕК-не тіркеліп, құжаттар тергеу реттілігі бойынша уәкілетті органдарға жолданды.
Банкрот деп тану туралы сот шешімдерінің бұзылунәтижесінде 3 млрд. 300 млн. теңгеденастамсалық қарыздарынесептеналуға тосқауыл қойылды.
30 млн. теңге сомаға жұмыстарды орындаусыз жасалған мәмілелерді жарамсыз деп танудан бас тарту туралы шешімді бұзу жолымен контрагенттен салықты өндіру мүмкіншілігінен айырылуды болдырмауға жол берілмеді.
Атқарушылық өндірісі саласында а.ж. ақпан айында жұмысы жоқ борышкерлерге «Жұмыс жәрмеңкесі» өткізіліп, 39 борышкер бос орындарға жұмысқа тұруға жолдама алған.
Қолданылған іс шаралар нәтижесінде борышкерлердің 50 автокөліктеріне тыйым салынды, 19-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, іздеуде жүрген 13-і анықталды, жұмыссыз ретінде 204-і есепке тұрғызылды.
Арнайы прокурорлар сотқа дейінгі тергеп тексеру тізіліміне (ҚР ҚК-нің 262 бабының 1,2-бөліктерімен, 28-бабының 2,3-бөлігі – 216-бабының 3-бөлігімен, 216-бабының 3-бөлігімен, 28-бабының 5-бөлігі – 245-бабының 3-бөлігімен) 9 серіктестікпен іс жүзінде жұмыстар орындалмай2,9 млрд. теңгеге шот-фактура жазу фактілері бойынша тергелген қылмыстық ісін айыптау актісімен Еңбекші аудандық сотына жолдаған.
Бұдан бөлек, көлеңкелі экономикаға қарсы күрес туралы заңнаманың қолданылуына жүргізілген талдау нәтижесінде 4 серіктестіктің 2017-2018жж. аралығында 1 млрд. теңгеге жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарлар тиеп жөнелтпей шот-фактураларды жазу фактісін прокуратура СДТТБТ-не ҚК-тің 245-б. 3-б. тіркеді.
​Прокуратураның ықпалымен түзеу мекемелерде 12 жеке бизнес субъектілері өз кәсібін ашып (ЖШС «Роза Алтын-Ана», ЖК «Мхамедьяров», ЖК «Ирискулов», ЖК «Маметай Г.Х.» және т.б.), олар 222 сотталғанды жұмыспен қамтыды.
​Қала аумағында заңдылықты қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда.
Шымкент қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?