• Вс. Май 5th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Солтүстік Қазақстан: ТЖ режимін бұзушылар ұсталды

Автор:REVIZORRO

Апр 18, 2020

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында сақшылар ТЖ режимінің бірқатар бұзушылықтарының жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz. 15 сәуір күні Шал ақын ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері карантинде болудан бас тартқан Сергеевка қаласының 1962 жылы туған тұрғынын ұстады. Коронавирустық инфекцияны жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған ер адам орталық аудандық ауруханадан өз еркімен кетіп қалған. Полиция қызметкерлері оны емдеу мекемесіне қайтарды. Аталған факті бойынша әкімшілік материал жиналды. “Бұл жағдай карантин талаптарын сақтауға міндетті адамдардың бұзушылық жасауының ауданымызда орын алып отырған екінші фактісі”, – дейді аудандық полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары Бейбіт Шәниев. – Осыған дейін 6 сәуір күні аудандағы ауылдардың бірінің тұрғыны блок-бекет арқылы аудан орталығына өтпек болды. Тексеру барысында ер адамның үй жағдайындағы карантинді сақтауға жататын тұлғалар тізімінде екені анықталды. Аудандық полицейлер блок-бекеттерді айналып өтпек болған тағы екі жүргізушінің жолын кесті. Олар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы (төтенше жағдай режимін бұзу)бойынша жауапкершілікке тартылды”. Тәртіп сақшылары енгізілген шектеу шараларының қауіпті инфекцияның таралмауына бағытталғанын ескертеді. Адамдардың денсаулығы мен өмірлері төтенше жағдай режимі талаптарының қатаң сақталуына тікелей байланысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?