• Вс. Май 5th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Құрметті шығысқазақстандықтар!

Автор:REVIZORRO

Апр 18, 2020

Өскемен және Семейдің бірқатар бизнесмендері мен кей тұрғындары заңсыз жолмен автокөлікке арналған жалған рұқсат қағаздарын алып, пайдаланып жүргендері туралы фактілер анықталды. Олардың жалпы саны 11000 данадан асады.

ШҚО полиция департаменті тексеруді бастады. Қазіргі уақытта 867 рұқсаттама алынды. Бұл жұмыс, әрине, жалғасатын болады. Сондықтан, құрметті жерлестер, баршамыздың ортақ қауіпсіздігіміз үшін бұл маңызды жұмысқа түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын. Бұдан бөлек, біз белгіленген ережелерге сай ұсынылмаған және тұлға туралы дерек нақтыланған талапқа сай болмаған жағдайда рұқсат қағаздарды жарамсыз деп танимыз.

Қойылған тәртіпті қатаң сақтап жүрген екі қала халқына алғыс айтқым келеді. Жүргізген талдау нәтижелеріне сүйенсек, тұрғындардың 92% -дан астамы дүкендерге, дәріханаларға және банктерге өздерінің рұқсаттамаларына сай, тек жұп және тақ күндері қатынап жүр.

Біз оқшаулану, тәртіпке бағыну арқылы ғана мыңдаған адамның өмірін құтқара аламыз. Сондықтан, өзіңізді және өз болашағыңызды сақтаңыз!
Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?