• Пн. Апр 29th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Қарағанды: Адам өліміне күдікті ұсталды

Автор:REVIZORRO

Апр 22, 2020

Қарағанды облысында патрульдік полиция полкінің қызметкерлері адам өліміне қатысы бар күдіктіні “ізін суытпай” қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz. 21 сәуір күні таңертеңгілік Қарағанды қалалық Полиция басқармасына Западный көшесінің бойында орналасқан үйлердің бірінің ауласында пышақ жарақаттары бар адамның мәйіті жатқандығы туралы хабарлама түскен. Оның 33 жастағы қала тұрғыны екені белгілі болды.Оқиға орнында патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен 42 жастағы азамат құрықталып, ұстау барысында ол полицияға қарсылық көрсеткен. Ұсталған азамат мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-тармағы (адам өлтіру) қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?