• Ср. Май 1st, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Тұрғындармен қатар, 4 шаруа қожалық та шығынға ұшырады.

Автор:REVIZORRO

Апр 23, 2020

Құрметті Үржар ауданындағы Көктал ауылының тұрғындары! Қадірменді жерлестер!

Көкталда болып жатқан жағдай туралы білемін. Менің тапсырмам бойынша облыстан ветенария басқармасы басшысы бастаған арнайы комиссия барып, мәселесінің мән-жайын анықтауда.

Қазір облыс көлемінде карантин режимі енгізілгендіктен, аудан, ауылдарда қауіпсіздік шаралары барынша күшейтілген.

Десе де, талдау қорытындысы дайын болғанға дейін тұрғындар көкейінде жүрген үрей мен күдіктің бары рас.

Көкталдық ағайынға айтарым, біз сіздермен біргеміз! Елдегі төтенше жағдайды ескере отырып, талдау нәтижесі қандай қорытынды бермесін, тиісті көмек көрсетілетінін жеткізгім келеді. Мал шығыны өтеледі! Сіздерді тығырыққа тіреген бұл қиындықты бірге жеңеміз!

Қазіргі уақытта 253 бас малдың тіркелгені белгілі. Тұрғындармен қатар, 4 шаруа қожалық та шығынға ұшырады.

Менің шешімін бойынша, үлкен ірі қараның басына 260 мың теңгеден, 2019 жылғы 1 жасар малға 150 мың теңгеден, ал биылғы төлдің басына 50 мың теңгеден өтемақы береміз.
Даниал Ахметов
ШҚО әкімі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?