• Ср. Май 1st, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Нұр-Сұлтан станциясы Желілік полиция басқармасында I тоқсан қорытындысы бойынша жедел кеңес өткізілді

Автор:REVIZORRO

Апр 23, 2020

Ағымдағы жылдың 22 сәуірінде Нұр-Сұлтан станциясы Желілік полиция басқармасында селекторлық байланыс режимі арқылы I тоқсан қорытындысы бойынша жедел кеңес өткізілді. Қызмет көрсететін аумақта үш айдың ішінде қылмыстар мен оқиғалар туралы 337 арыздар мен хабарламалар тіркелген.
Басқарманың негізгі көрсеткіштеріне тоқталатын болсақ, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында тіркелген құқықбұзушылықтардың саны 48 ден 45-ке дейін төменделгені байқалады. Бұл дегеніміз 6,3% құрады. Басқарманың қызметкерлерімен бұрын жасалған 16 қылмыс ашылды. Сондай-ақ, есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды жүзеге асыру мақсатында сегіз қылмыстық теріс қылықтар анықталды.
Сонымен қатар, алдын ала тергеу мен анықтау органдарының басты міндеттерінің бірі — бұл қылмыстық істерді тергеу барысында азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтап, заңдылықты бұзуға жол бермей, істің мән-жайын зерттеу кезінде істің толықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз етіп, тергеу іс-әрекеттерін сапалы жүргізу болып табылады. Басқарманың тергеушілерімен 29 қылмыстық іс тергеліп, өндіріспен 18 қылмыстық іс аяқталып, 3 іс сотқа жолданды.
Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 11302 азамат жауапкершілікке тартылды. Салынған әкімшілік айыппұл сомасы 3 млн. 142 мың 760 теңгені құрап, өндірілген айыппұл сомасы 45,8% құрады.
Селекторлық байланыс режимінде өткізілген жедел кеңесті Көліктегі ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Қ.Ж. Қобландин қорытындылай келе, қылмыспен күрес жүргізуді күшейту маңыздылығын атап өтіп, жұмыстың басым бағыттарын нақтылады. Яғни, кадрларды іріктеу және тәрбиелеу, барлық деңгейдегі басшылардың жауапкершілігі мен орындатушылық қабілеттерін жоғарлату, аумақтық, басқа да құқық қорғау органдарымен іс-қимыл жасауды ұйымдастыру, қылмыстардың ауыр түрлерімен күрес жүргізуді тоқтатпау және маңыздылығы бар қылмыстарды анықтау бойынша тапсырма берді.

Нұр-Сұлтан ст. ЖПБ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?