• Вс. Апр 28th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Ернар Айдар сот алдындау жауап беруі мүмкін

Автор:REVIZORRO

Апр 24, 2020

Алматыда әнші Ернар Айдар карантин режимін бұзды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ол және тағы 12 адам бір бөлмеге жиналып, ұтыс өткізді. Сонымен қатар, олар онлайн түрде тікелей эфир жүргізді.“Ұстауды экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері жүргізді. Негізгі өндіріс осы бөлімшеде. Полиция, өзінің юрисдикциясына сәйкес, бұл жағдайда қамауға алынған адамдарға карантин режимін бұзғаны үшін шаралар қолдануға құзырлы. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды. Іс материалдары шешім қабылдау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді”, – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының басшысы Болат Тотыбаев. Полиция төтенше және карантиндік режимдерді бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтыратынын және нәтижесінде – 10 АЕК айыппұл салудан 15 тәулікке дейін қамауға алынатындығын ескертті.

Один комментарий к “Ернар Айдар сот алдындау жауап беруі мүмкін”

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?