• Вс. Апр 28th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Ұландық пен полиция қызметкерлері өрттен 15 адамды алып шықты

Автор:REVIZORRO

Апр 24, 2020

Ұландық пен полиция қызметкерлері өрттенген коттеджден 15 адамды алып шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz. Әскери қызметші түнгі кезекшіліктен үйіне қайтып бара жатқан жолда үш қабатты коттеждің төбесінен қою түтінді байқайды. 22 сәуір сағат 02.30 шамасында Ұлттық ұлан 6697 әскери бөлімі жедел мақсаттағы батальонының әскери жасақ басшысы Мақсат Борамбаев қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күзету бойынша қызметтен кейін үйіне бара жатқан. Алтынсарин көшесінде ұландық будақтаған қара түтінді байқады. “102” нөміріне хабарлап, әскери қызметші полиция қызметкерлерімен бірге үй тұрғындарын эвакуациялауға кірісті. – Бастапқыда мен біреулер далада от жағып отыр ма деп ойладым. Жақындай келе түтін коттедждің дәл шатырынан шығып жатқанын көрдім. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жүр екен, олар үйдің ауласына кіре алмай тұрғанын байқадым. Қол күшін пайдалану арқылы біреуін ішке кіргіздік. Ол қақпаның арғы бетінен бізге есікті ашты. Біз тез арада үйге кірдік. Онда 15 адам, оның ішінде екі жасар бала бар болып шықты. Эвакуациялау кезінде үйдің үшінші қабаты толығымен жанып жатты, онда екі адам ес-түссіз жатқан. Біз оларды жанып жатқан үйден дер кезінде алып шықтық. Қуанышымызға орай, ешкім зардап шекпеді. Өрт сөндірушілер келгенше біз тілсіз жауды өз күшімізбен сөндіргіміз келді, алайда жалын ұлғайып кеткеннен соң ауыздықтай алмадық” , – деді ұландық.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?