• Сб. Май 4th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Тұрмыстық техниканы сататын дүкендерді ашу туралы ұсыныс айтылды.

Автор:REVIZORRO

Апр 25, 2020

Елорда әкімі Алтай Көлгінов бизнес, мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және банк өкілдерімен онлайн-конференция өткізді. Ашық диалог барысында кәсіпкерлер кәсіпорындардың жұмысын біртіндеп қалпына келтіру бойынша өз ұсыныстарын айтты.

Мәселен, тұрмыстық техниканы сататын дүкендерді ашу туралы ұсыныс айтылды. Тұрғындарда тоңазытқыш, салқындатқыш, плита және т. б. сатып алу қажеттілігі туындап отыр. Сонымен бірге арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарын барынша онлайн режимге көшіріп, ашу ұсынылды. Онлайн-конференцияға қатысушылар онлайн-сервистерді дамыту мен мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа барынша көшіру қажеттігін атап өтті. «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов ұсыныстар ескерілетіндігін айтты.

Кәсіпкерлердің ұсыныстары Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында талқыланады.
Нұр-Сұлтн қаласы әкімдігі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?